Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Венесуэла үкіметі азаматтарға сандық валюталарды сатып алуға, сатуға және айырбастауға үйрету үшін криптовалюта бойынша тегін оқыту курсын бастады. Оқу орнының мақсаты жақында ғана мемлекет тарапынан пайда болған Petro мұнай криптовалютасын танымал ету болып саналады, деп жазады Cointelegraph.
Каракас қаласында «Granja Laboratorio Petro» деп аталатын мектептің ашылуы 20 ақпанда Венесуэла Petro ұлттық мұнай криптовалютасын іске қосқаннан кейін болды. Мектеп мұғалімі Кармен Сальвадор тегін оқыту жүйесін ұсынатынын айтады. Ал, кез келген халықаралық нарықта бұндай оқу 500 доллардан 800 долларға дейін екендігін де атап өтті.
«Бұл жерде көптеген жастардың мұндай қомақы қаражаттары жоқ. Дегенмен де, Венесуэла үкіметі әрбір адамда білім алу мүмкіндігі болатынына кепілдік береді», - деді Сальвадор.
Венесуэла АҚШ-қа және ЕО елдеріне салынған экономикалық санкцияларды айналып өтіп, шетелдік инвесторларды тарту үшін өзінің мұнайға негізделген криптовалютасын шығарды.
20 ақпаннан бастап ICO Petro компаниясының президенті Николас Мадуроның твитіне сәйкес, 735 млн долларға жуық қаражат жиналды. Венесуэланың Actualidad ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Petro сатылымының алғашқы екі күнінде жалпы алғанда 1 млрд доллардан астам қаражат тартылған.
Айта кетейік, GOLDX - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы HelloGold компаниясы әзірлеген «алтын» криптовалютасы шариғатқа сәйкестік бойынша әлемдегі алғашқы сертификатты алды. Amanie Advisors компаниясының Шариғат қадағалау кеңесі куәландырған GOLDX әлемдегі алғашқы Ethereum ERC20 толық сипаттамалық токені болып есептеледі. Ол 99,99 пайыз инвестициялық деңгейдегі алтынмен қамтамасыз етілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024