Сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін сатудан бюджетке 1,8 миллиард теңге кіріс кірген.
"Заңнамаға енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру арқылы автокөлікті тіркеу барысында кездесетін жемқорлық көлемін азайтып қана қоймай, елдің бюджетіне қосымша түсім түсуін қамтасыз етіп отыр", - дейді ҚР ІІД Әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы.
Ол 2014 жылы ІІД бастамасымен "ҚР-ның жол ережелеріне қатысты заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңындағы 540-бапқа "Салықтар мен міндетті бюджетке түсетін төлемдер" Кодексіне сұранысқа ие нөмірлердің бағасын көбейту туралы өзгеріс енгендігін айтты.
Одан бөлек, ІІД-де бірдей әріптермен таңбаланған мемлекеттік нөмірлерге салынатын баж салығын арттыру туралы мәселе де көтеріп жатыр. Автокөліктерге VIP-нөмірлер сату 2014 жылдың 20 қазанынан басталған. 2014 жылдың желтоқсан айында "әдемі" нөмірлерді сатудан ел бюджетіне 800 млн теңге кіріс кірген.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024