Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Вице-министр: Біз болашақ мұғалімдерді мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге үйретуіміз керек

Вице-министр: Біз болашақ мұғалімдерді мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге үйретуіміз керек
Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - 3 сәуірде өткен Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, 2017 жылы педагогикалық мамандықтарға инклюзивті білім берудің жаңа пәні енгізілгенін айтты деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.  Вице-министрдің айтуынша, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру — Білім және ғылым министрлігінің маңызды міндеттерінің бірі. «Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында орындалуы тиісті нақты көрсеткіштер бар. Жалпы, бұл көрсеткіштер орындалып жатыр. Дегенмен, мәселе мынада — тиісті білім алуды қалайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды қандай жолмен оқытамыз?», — деді вице-министр. Спикердің айтуынша, мәселе мектептерде пандустардың болмауында ғана емес, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша көлемді жұмыстар жүргізу қажет. «Біріншіден, мұғалімдерді дайындау керек. Екіншіден, тиісті оқулықтар қажет. Үшіншіден, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Бүгінде барлық осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Асхат Аймағамбетов. Вице-министр жұмысты мұғалімдерден бастау керектігіне назар аударды. «Біз болашақ мұғалімдерді мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Сондықтан 2017 жылы педагогикалық мамандықтарға инклюзивті білім беру пәнін енгіздік. Мәселен, сыныпта 25 бала болса, олардың ішінде 2 бала ерекше назар аударуды талап етеді. Аталған пәнде болашақ мұғалімдерге осы балаларға мектеп бағдарламаларын қалай ұсынуға болатыны, олармен жұмыс істеу, оларды қалай бағалау керектігі туралы үйретеді», — деді Асхат Аймағамбетов.

Похожие материалы