«Вконтакте» бас директорының орынбасары Владимир Габриелян Ақ теңіздің жағасында қайтыс болды
«Вконтакте» бас директорының орынбасары Владимир Габриелян Ақ теңіз жағасында жол талғамайтын көлік аударылып, қайтыс болды. Кеше кешкісін оның жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Бұл туралы VK баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін таңертең Владимир Габриелян пен Сергей Мерзляковтың қайғылы жағдайда қаза болғаны туралы белгілі болды. Біз туыс, жақындары, достарымен бірге қайғырамыз. Владимир мен Сергей әрқашан біздің командамыздың бір бөлігі болып қала береді», делінген компания хабарламасында.
Ненец автономды округы Бұғы бағушылар одағының ақпаратынша төрт адам екі жол талғамайтын көлікпен Ақ теңіз жағасымен «Канин Нос» төбесіне қарай жол тартқан. Бугряница өзенінен өтер кезде көлік аударылып, ішіндегілерді теңізге қарай ағызып кеткен. Габриелянның әйелімен бірге тағы бір адам жағаға шыққан, ал Владимир Габриелян пен Сергей Мерзляков жоғалып кеткен.
Айта кетейік, Габриелян 2005 жылдан бері Mail.ru Group-тың вице-президенті және техникалық директоры болған. 2019 жылы VK бас директорының бірінші орынбасары болды. 2022 жылдың наурызында директорлар кеңесіне кірді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024