Ресей Президенті Владимир Путин 2016 жылға арналған мемлекет басшысының, премьер-министрдің және мемлекттік жоғарғы қызметтегі тұлғалардың жалақысын қысқарту туралы қаулыға қол қойды деп хабарлайды Lenta.ru.
Аталған қаулыға сәйкес Президент әкімшілігінде, Ресейдің Есептік палатасында және үкімет аппаратында жұмыс істейтіндердің ақашалай сыйлықтары 10%-ға қысқарады.
Жоғарғы дәрежелі мемлекет қызметкерлерінің ақшасын қысқарту туралы құжат 2015 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енген және осы жылдың 31 желтоқсанында өз әрекетін аяқтауы тиіс.
Сондай-ақ, 2014 жылдың желтоқсан айында Ресей Президенті Сыртқы істер министрлігі, Есептік палата, үкімет аппаратының басшылары және Кремль әкімшілігі шенеуніктерінің жалақыларын индексациялау туралы мараторий енгізген болатын. Құжатқа сәйкес, жыл сайынғы жалақы индексациясы 2015-2016 жылғы инфляция деңгейіне қатысты есептелді.
Кіріс туралы декларация мәліметіне сәйкес, 2014 жылы Владимир Путин 7,654 млн рубль жалақы алған. Ал премьер-министр Дмитрий Медведевтің жалақысы 8 млн рубльден асты.
Фото: lenta.ru
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024