Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – ВТБ Банкі Даму Қоры және Астана әкімдігімен «Астана Бизнес 2» Астана қаласының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына 300 млн теңге сома көлемінде қатысуы туралы кредиттік келісімге қол қойды, оның 100 млн теңгесі қалалық әкімдікпен, ал 200 млн теңгесі – Қордан бөлінді.
Осы бағдарлама аясында Банк ВТБ (Қазақстан) елорданың ісін жаңа бастаған және ісі жүріп тұрған бизнесмендеріне номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жылдық 8,5%-ға дейін жеңілдікті кредиттер беретін болады.
«Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп ШОБ секторына елеулі қолдау көрсететін көптеген жобаларды жүзеге асырды. 2017 жылы біз «Астана-бизнес» бірінші бағдарламасы аясында елордалық бизнесті қаржыландыруға банкке бөлінген қаражатты табысты игердік. Жалпы сомасы 200 млн. теңгеге жеті клиент қаржыландырылды. Бұған дейін біз басым салаларды дамытуға ғана кредит бере алдық, «Астана Бизнес 2» бағдарламасы аясында мұндай шектеулер жоқ», - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.
Нарықта үш жылдан астам жұмыс істейтін кәсіпкерлер Банк ВТБ (Қазақстан)-нан «Астана бизнес 2» бағдарламасы бойынша ең жоғары сомасы 100 млн. теңгеге дейін; үш жылдан бері тіркелген ісін жаңа бастаған бизнесмендердің – 50 млн теңгеге дейін кредит алуына мүмкіндіктері болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024