ВТБ банктің қазақстандық еншілесі Qazaq Banki клиенттерінің қарыздарын 2020 жылдың 24 шілдесіне дейін қайтарады
Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - ВТБ-нің Қазақстандағы еншілес ұйымы таратылған Qazaq Banki салымшыларына кепілдік өтемақыны 2020 жылдың 24 маусымына дейін төлеуді жалғастырады, деп хабарлады Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ).
Ал көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін салымшылар
ҚДКҚ-на тікелей хабарласа алады.
Қорда Qazaq Banki салымшыларына банк-агент арқылы өтем төлеу 2018 жылдың 24 желтоқсанынан бастап жүргізілетінін және оны бастапқыда 2019 жылдың 24 маусымында аяқтау жоспарланғанын еске салады.
"Алайда, салымшылардың барлығы өтелуге өтініш білдірмегендіктен, банк-агент арқылы төлем мерзімін 2019 жылдың 24 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді ҚДКҚ.
Соңғы 12 айда ВТБ банкі Qazaq Banki салымшыларына ҚДКҚ қаражаты есебінен және атынан 20,3 млрд теңге төледі, бұл міндеттемелердің жалпы сомасының 99%-ын құрады.
Бүгінгі таңда кепілдік берілген өтем алуға жүгінбеген Qazaq Banki салымшылары алдындағы міндеттемелердің қалдығы 228 млн теңгеге тең.
Жалпы, 5,871 салымшы өтемақы алды, бұл банк салымшыларының жалпы санының 33%-ын құрайды.
"ҚДКҚ-ның сall-орталығы салымшылардың қалған бөлігіне қоңырау шалды: олардың көпшілігі шоттарындағы қалдықтардың аздығынан төлем жасауға өтініш білдірмеген, бірақ мұндай мүмкіндік туралы білмеген адамдар да болды. Осыған байланысты, сондай-ақ салымшылардың агент-банкке хабарласуын жалғастыруынан, ҚДКҚ ВТБ (Қазақстан) банкімен келісімнің қолданысын тағы да жарты жылға ұзарту туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2018 жылғы 27 тамызда «Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі негізінде барлық банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылды.
2018 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Qazaq Banki" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 2018 жылғы 24 қазаннан бастап сот шешімі заңды күшіне енді.
ВТБ Қазақстан 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында, Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, Қазақстанның 28 банкі арасында активтер көлемі бойынша 17-ші орынға ие болды.
ҚДКҚ (Қазақстан Ұлттық банкінің еншілес ұйымы) - депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторлардың мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ банк секторындағы тұрақтылықты қолдау үшін 1999 жылы құрылды. Банкті мәжбүрлеп таратқан жағдайда, қор салымшыларға салым бойынша есептелмеген сыйақы сомасы мөлшерінде кепілдік өтемін төлейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024