Бұл шешім санкциялар тізіміне еншілес ұйымдардың қосылуымен байланысты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың I тоқсанының қорытындылары туралы есепте айтылды.
Бүгін KASE басқарма төрағасы Алина Алдамберген ВТБ, "Сбербанк" және "Альфа-банк" санкцияларға байланысты валюта және қор нарықтарындағы сауда-саттықтан шеттетіліп жатқанын хабарлады. 8 сәуірден бастап биржада маркетмейкерлердің болмауына байланысты "Сбербанк" пен ВТБ қарапайым акцияларының саудасы алынып тасталды.
KASE басшысы Мәскеу биржасы санкцияларға ұшырамағанын, сондықтан Мәскеу биржасы (MOEX) KASE-нің 13%-ын иеленіп, оны 20%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлағанымен, Қазақстан биржасы үшін тәуекелдер жоқ екенін нақтылады.
Сонымен қатар, Алина Алдамберген Kaspi.kz акциялары 5 мамырдан бастап биржаның негізгі индексіне енетінін айтты.
2022 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 60,4 трлн теңгені құрады және 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70% - ға (25 трлн теңге) өсті. Бұл ретте биржа индексі 8,9%-ға және нарықты капиталдандыру 18,9%-ға (5,4 трлн теңге) төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024