Дәстүрлі медиа блогерлерді жұмысқа қабылдай бастады. Жақында ВВС-дің орыс қызметі видеоблогер қажет екендігі туралы хабарландыру жариялады.
Хабарландыруда видеоблогерге арнайы талаптар қойылған. Лондондағы жастардың қалай өмір сүретіні жайлы видеороликтер түсіруі қажет. Келісім-шартпен 3 ай жұмыс істеуі керек. Бір аптадағы жұмыс уақыты - 21 сағат. Бастысы әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын дәл түсіне білуі тиіс. Мамандардың сөзінше, алдағы уақытта блогерлерді дәстүрлі медиаға жұмысқа алуы қалыпты тенденция ретінде қалыптасуы мүмкін. Дегенмен де newreporter.org сайтының қазақша бөлімінің редакторы Назгүл Қожабекова мұны дәстүрлі медиа-блогер қатынасына әкеліп тіркеуге болмайды деп есептейді. "Бұл жерде видеоблогер деген шарт қана. Ол кәсіби журналист, оператор немесе режиссер де болуы мүмкін. Хабарландыруда басты талап"əлеуметтік желі қолданушыларының сұраныстарын білу" деп тұр. Бұл - аудиторияны басқа қырынан зерттеуге деген ұмтылыс болуы мүмкін. Жұмысқа қабылдау демес едім. Уақытша жобаға тарту. Бұл - блогердің мамандық ретінде мойындалуы дей алмаймын. Өйткені ондай мамандық жоқ",- деді ол. Егер сізді осы жұмыс қызықтырса, мына сілтемені басып, форманы ағылшын тілінде толтырыңыз. Өтініш беру мерзімі - 2016 жылдың 3 қаңтарына дейін.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024