Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WhatsApp-тың қауіпсіздік жүйесін айналып өту әдісі анықталды

WhatsApp-тың қауіпсіздік жүйесін айналып өту әдісі анықталды

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – IPhone сматфондарын ұстаушылар WhatsApp-тың жаңа қауіпсіздік жүйесін айналып өту жолын тапты. Бұл туралы u/de_X_ter есімді Reddit пайдаланушысы хабарлады.

Месенджердегі деректерді қорғаудың жаңа жүйесі пайдаланушылардан қолданбаға кіру үшін саусақ ізін немесе бет бейнесін енгізуді талап етеді. IPhone пайдаланушылары WhatsApp-ты ашуға мүмкіндік беретін Apple құрылғысындағы "бөлісу" функциясы арқылы қауіпсіздіктің жаңа жүйесін айналып өте алды.

Қауіпсіздік жүйесін айналып өту үшін алдын ала құрылғының параметрлерінде экранды бұғаттаудың "жедел" жылдамдығын қою қажет.

"Біз бұл мәселе туралы білеміз және ол жақын арада түзетілетін болады. Сонымен қатар, біз адамдар "дереу" экранын құлыптау параметрін орнатуды ұсынамыз", — деп мәлімдеді Whatsapp компаниясының қызметкері электрондық пошта арқылы.

Айта кетейік, қаңтар айында WhatsApp-та жойылған хабарламаларды оқуға мүмкіндік беретін әдіс анықталды. Ол үшін смартфоннан қосымшаны өшіріп кейін қайта орнату керек.

Похожие материалы