Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Wildberries Қазақстанда бөлу орталықтарының құрылысына 29 млрд теңге салады

Wildberries Қазақстанда бөлу орталықтарының құрылысына 29 млрд теңге салады

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Ресейлік Wildberries онлайн-ритейлері Қазақстанда жалпы құны 29,3 млрд теңгеден асатын (5 млрд рубль) екі бөлу орталығын салуға ниетті, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Тараптардың уағдаластықтарына сәйкес Wildberries Қазақстан Республикасының аумағында Нұр-сұлтан мен Алматыда (…) орналасқан екі жаңа бөлу орталығын салады. Орталық құрылысына Wildberries инвестициялары 5 млрд рубльден асады», - делінген хабарламада.

Логистикалық кешендердің алаңы 50 мың шаршы метрді құрайды. Олардың ашылуы Қазақстанда қосымша 5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Біз қазақстандық өндірушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен қызығушылық білдіреміз: республикада жоғары сапалы тауарлар ойдағыдай өндіріледі, бұл сөзсіз, Wildberries қатысуындағы барлық бес елдің клиенттері арасында сұранысқа ие болады. Біз жергілікті өндірушілермен әріптестігіміздің жоғары әлеуетіне сенімдіміз, сондықтан ел аумағында инфрақұрылымдық және білім беру жобаларын құруға инвестиция саламыз», - деп атап өтті Wildberries компаниясының бас директоры Татьяна Бакалчук.

Ол Қазақстанда Wildberries бөлу орталықтарының ашылуы арқасында жергілікті өндірушілер өздерінің логистикалық шығындарын едәуір қысқартуға, сайттағы тауарлар ассортиментін кеңейтуге және сатуды ұлғайтуға мүмкіндік алатынын атап өтті.

2019 жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтанда жеткізушілерге арналған логистикалық және білім беру функцияларын біріктіретін Wildberries электрондық коммерцияны сараптаудың алғашқы орталығы ашылады. Мұндай орталықтарды алдағы уақытта республиканың басқа қалаларында да ашу жоспарлануда.

Бұған дейін хабарланғандай, Wildberries «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында филиал ашуды жоспарлап отыр.

Wildberries – Ресейдің ірі онлайн-ритейлері. Компанияның айналымы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 72%-ға, 118,7 млрд рубльге дейін өсті. Онлайн-ритейлер Ресей нарығында 15 жылдан бері жұмыс істейді.

Похожие материалы