Екінші дүниежүзілік соғыс әскери конструкторлардың ең мықты жобаларды жүзеге асырған кезеңі десе де болады. Бұл соғыста зеңбіректердің, радиомен басқарылатын бомбалар мен субмарина соғыс кемелерінің түр-түрі жасалған. 7kun.kz назарларыңызға Екінші дүнижүзілік соғыстың ең атақты 7 қаруын ұсынады.
Panzerkampfwagen VI «Tiger I» Ausf E, «Тигр»
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жасалған неміс танкі. Оның прототипі 1942 жылы Эрвин Адерстің жетекшілігімен жасалған VK4501 (H) танкі. Бастапқыдан танктің аты Pz.Kpfw.VI (Sd.Kfz.181) Tiger Ausf.H1 болған. Осымен аттас PzKpfw VI Ausf атты ауыр танк қолданысқа енген соң атауының алдына "І" рим санын қойған. Кеңес құжаттарында "Тигр" T-6 немесе T-VI деп белгіленді. Алғаш рет соғысқа 1942 жылдың 29 тамызында, Ленинград түбіндегі Мга станциясынан аттанған. 1943 жылдың наурыз айында Харьковты алған кезде көптеп қолданылды. Жалпы саны 1354 машина шығарылған. Бір танкке кететін шығын - 800 000 рейхсмарка (сол кездерде жасалатын танктерден екі есе қымбат). Ресми түрде танктің атауы Pz.VIH. 1944 жылдың ақпанынан бастап Pz.Kpfw деп өзгертілді. Әдебиетте, соның ішінде шетел әдебиетінде «Тигр I» деген атаумен белгілі.Катюша
Белорусияның Орша темір жол станциясы. Таң атқаннан бұл жерге әскер, әскери техника, оқ-дәрілер тиелген неміс эшелондары бірінен соң бірі келіп жатыр. 15:15-те эшелондарға белгісіз қарудан оқ атылды. Станция бір мезетте үлкен түтінді бұлтқа айналды. Осы күні Неміс бас штабының басшысы Гальдер күнделігіне былай деп жазған: «14 шілде күні Орша түбінде орыстар осы уақытқа дейін белгісіз боп келген қарудан оқ атты. Орша станциясы, барлық эшелондар күлі көкке ұшты. Темір балқып, жер өртеніп жатты». "Катюшаның" алғаш рет соғыста қолданылған кезі осы болатын.«Катюша» полкінің дүркіні 5-10 секунд жалғасады. Сол уақыттарда шығарылған снарядтар саны 576, зардап шеккен аудан көлемі - 100 гектар. Жаппай дүркіннің ерекшілігі снарядтардың жарылғыш толқындарын салған уақытта қирату эффекті одан сайын арта түседі. Одан бөлек, жарылғыш кеніштердің сынықтары 800 градусқа қызып, айналасындағының барлығын өртейді.
"Бруммбер"
Қондырғы 1943 жылы Т-IV танкінің базасында жасалған. Ол жаяу әскер мен танктерге тікелей қолдау ретінде құрастылады. Бруммбер 150 мм-лік гаубицамен жабдықталған. Оқпанының ұзындығы 12 калибр.
Өздігінен жүретін қондырғының брондалуы мықты болды: алдыңғы корпусы бронының жуандығы 80 мм, рубкасы - 100 мм, корпус бортының жуандығы 300 мм. Және қосымша борндық экрандармен қоршалған.
Бұл қондырғының кемшілігі - шассиге түсетін үлкен жүк. Бұл қозғалатын бөлігінің істен шығуына әкелетін. Өздігінен жүретін қондырғы 1943-1944 жылдары шығарылды.
Фаустпатрон
Фаустпатрон америкалық М1 базукасы үлгісінде жасалған. Бірақ,ол тасымалдаушы ракета қондырғысы болған жоқ. Фаустпатрон соғыста арнайы үйретілген топтың емес, әдеттегі жаяу әскерлердің қолдануы үшін шығарылған. Бұл қаруды қолданып үйренуге 5 минуттың түсіндірме жарайды. Фаустпатрон танкке қарсы қарулар жоқ кезде қолдануға ыңғайлы қарапайым қару. Фаустпатронды 1942 жылы Лейпцигте HASAG (Hugo Schneider AG) атты герман фирмасы шығара бастайды. Жаяу әскерлерге арналған танктер қарсы қару жасап шығару басты мақсат етіп қойылды. Себебі, КСРО аумағынадғы неміс әскерлерінде Т-34 танкіне жақындап шайқасатын қару болмаған еді. 1943 жылдың қаңтар айында 500 гранатамет вермахтың әскерлеріне жіберілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияда түрлі модификациялы 8 254 300 фаустпатрондар дайындалған. Кемшілігі нысанасының болмауы. Және де 100 мм-лік сүйір бөлігі Т-34 танкінің бронына не тайқып тиеді немесе бронда теспей жатып жарылып кетеді.«Фаустпатрон» 30m | |
Ату қашықтығының тиімділігі, м | 30 |
Салмағы, кг | 2,7—3,2 |
Ұзындығы, мм | 985 |
Граната калибрі, мм | 100 |
Гранатаның бастапқы жылдамдығы, м/с | 28 |
Брон өткізгіштігі, мм | 140 |
M1 Garand
M1 Garand (Эм-Уан Гара́нд), ресми атауы — US Rifle, Caliber .30, M1. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі американдық өзі оқталатын винтовка. Ол жаяу әскерлердің соғыста негізгі қару ретінде қолданған әлем бойынша екінші өзі оқталатын винтовка (біріншісі осыдан бірнеше ай бұрын шыққан АВС-36 кеңестік винтовкасы). Өте сенімді винтовка АҚШ әскерлеріне Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де, Кореядағы соғыста да көмектескен. Генерал Паттон бұл қаруды "Барлық жасалған қарулардың ішіндегі ең ұлы соғыс құралы" деген баға берген. Garand әлі де нарықта азаматтық қару түрінде танымал. M1 Garand — төрт оң жақта кесігі бар қозғалмайтын 7,62 мм-лік калибр оқпаны бар өздігімен оқталатын винтовка. Салмағы - 4,32 кг. Винтовка бірнеше түрде жасалды:- M1 — стандарт жаяу әскер винтовкасы;
- M1C — мерген винтовкасы;
- M1D — M82 нысанасы мен өрт сөндіргіші бар винтовка;
- Beretta BM 59 — Италияда M1 Garand үлгісінде жасалған өздігінен оқталатын винтовка;
Субмарина-әуе күштерін тасымалдаушы
1943 жылы Жапония I-400 субмаринасын жасауға кіріседі. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі сүңгуір қайығына айналуы тиіс еді. Жоспарланған 18 қайықтың үшеуі жасалады. Біріншісі су астына 1944 жылдың 30 желтоқсанына, екіншісі содан аз уақыттан соң түсті. Ал үшіншісі ұзақ құрастырылғандықтан, суға түсіп үлгермеді. Қайық жабдықтары 20 торпедадан, 140 миллиметрлі палубалық қоршау қаруынан, 25 миллиметрлік 3 пулемет қондырғысынан, бір зенит қаруынан және үш «Аичи М6А1 Шейран» ұшағынан тұрды. Ұшақтарға астынан орын қалдыру үшін жанармай танкілері мен әуе жанармайы бар цистерналар субмаринаның сыртына орналастырылды. Үш ұшақты сақтауға арналған цилиндр пішінді ұшақжай (диаметрі 3,5 метр, ұзындығы 37,5 метр) қайықтың орталық бөлігінде корпустың алдында болды. Сүңгуірдің ұзындығы 122 метр, су сыйымдылығы 3530 тонна, команда құрамы 144 адам.«B-4» және «Голиаф»
"Голиаф" шынжыр табанды өздігінен жүретін минасын Германия соғыс басталған сәттен бері қолданған. Ол танктерді, тығыз жаяу әскер құрылымдарын жоюға және ғимараттарды қиратуға арналған. Радиомен басқарылатын машинаның көлемі ірі болмады - 150 х 85 х 56. Салмағы 75-100 кг болатын жарылғыш заттарды алып жүрді. Германияда жалпы саны 7564 "Голиаф" жасалған. Бірақ, оны жасау тым қымбатқа түсті әрі броны жіңішке, танкеткасының жылдамдығы (9,5 км/сағ) да аз болды. Өздігінен жүретін "В-4" қондырғысы бұдан үлкендеу болды. Оны бірнеше рет қолдану мүмкін еді. Себебі "В-4" нысанаға кіріп кетпей, тек мина лақтыратын. Оның кемшілігі - тез бұзылып қалатыны және істен шықса соғыс алаңында қалып қоятыны болды. Дайындаған Жадыра Аққайыр "7"Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024