Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Қытайлық электроника өндірушісі Xiaomi Corp. 2019 жылдың үшінші тоқсанында таза кірісті шамамен 1%-ға арттырды және сарапшылардың болжамынан жоғары пайда алды, алайда оның өсу қарқыны компания тарихындағы ең баяу көрсеткіш болды.
Компанияның баспасөз хабарламасына сәйкес, оның таза пайдасы шілде-қыркүйек айларында өткен жылдың сәйкес тоқсанындағы 2,48 миллиард юанмен салыстырғанда 2,53 миллиард юаньға (360 миллион доллар) дейін өсті. Вloomberg сауалнамасы бойынша сарапшылар орташа есеппен 2,58 миллиард юань деңгейіндегі көрсеткішті болжады. Өткен тоқсанда Xiaomi түсімі 5,5%-ға өсіп, 53,3 млрд юань деңгейіндегі болжаммен 53,66 млрд юанды құрады.
Смартфондар сатылымы 7,8%, яғни 35 млрд юаннан 32,3 млрд юаньға дейін төмендеді. Сонымен қатар, интернетке қосылған құрылғылар сегментінде (connected devices) түсім 44,4%-ға, 15,6 млрд юанға дейін жетті. Интернет-қызметтерді сату 12,3%-ға, 5,3 млрд юанға дейін өсті, бұл ретте жарнамадан түскен түсім 9%-ға, 2,9 млрд юанға дейін төмендеді.
Айта кетейік, Xiaomi 2010 жылы құрылған. Компания смартфондар, планшеттер, ноутбуктар, теледидарлар, ақылды сағаттар және велосипедтер, сондай-ақ, бу қайнатқыштар мен су тестерлерін шығарады. Сейсенбі күні Xiaomi акциялары 1,28%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері компанияның капитализациясы 32,4%-ға, 23,95 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024