Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Домбыра мен тоғызқұмалақтың телефонға арналған қосымшасы шықты

Домбыра мен тоғызқұмалақтың телефонға арналған қосымшасы шықты

Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ пен домбыра аспабының Android және iOS жүйелеріне лайықталып жасалған қосымшалары жарық көрді.   Авторы - алматылық Нұржан Төлегенұлы.

Нұржан ойындар мен қосымшаларды шығарғанды хобби санайды. Оның алғашқы ойындарының бірі Walk the dog аркадасы болатын. Ол ойында әуе шарында ұшып жүрген күшікті басқару керек. Ойынды бес мыңға жуық адам жүктеген. Оның көпшілігі шетелдік қолданушылар болған екен. Ұлттық нақыштағы ойын түрін шығаруға әпкесінің өтініші себепкер болған. Ойынды жасауға Нұржанның 2 ай уақыты кеткен. Google Play-де аталмыш ойынды бүгінде 20 000 рет жүктеген. Тоғызқұмалақты желі арқылы да ойнауға болады.

тог

Ұлттық нақыштағы келесі қосымша - домбыра. Қазіргі күні қосымшаны 21 000 рет жүктеп үлгерген. Қазақтың қара домбырасының қос ішегі қосымшаны іске қосқан бойда шығады. Одан әрі қос ішекті шерту арқылы табиғи дыбыстарды ести аласыз. Кәдімгі домбыраның баламасындай етіп шығарылған бұл қосымшаны пайдаланушылар саны күннен-күнге өсіп келеді.

домбра

Ақпарат көзі: Тенгриньюс.кз

Похожие материалы