Ресейлік "Яндекс" компаниясы Федералды антимонопольдық қызметке Google-дің ресейлік заң нормаларын сақтағанын тексеруін сұрап, шағым түсірді деп хабарлайды ВВС.
"Қазір Еурокомиссия Google-дің Android-тан басым түсу мәселесін тексеріп жатыр. "Яндекс" еуропалық процессте қатысуда, ал бүгін ФАҚ-қа Google компаниясының ресейлік антимонопольдық заң нормаларын қаншалықты сақтайтындығын тексеруін сұрап, шағым түсірді",-деп жазылған компания хабарламасында.Яндекс Google-дің үстінен шағым түсірді.
Айта кетейік, қазір Google Android операциялық жүйесін дайындап жатыр. Ал Яндекс келешекте американдық алпауыт тұтынушыларына "бәсекелес сервистермен серіктестік орнатпау" деген шарттар қойып, бәсеке қабілеттік талаптарына қайшы әрекет жасауы мүмкін деп есептейді.
"Біз тұтынушылардың таңдауы болуы қажет деп есептейміз. Олар смартфондары мен планшеттеріне қандай сервис орнатуды өздері таңдауы қажет",-дейді "Яндекс" төрағасы Очир Манджиков.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024