Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Яценюк-тің АҚШ-қа сапары кезінде пиарға 35 мың доллар жұмсайды

Яценюк-тің АҚШ-қа сапары кезінде пиарға 35 мың доллар жұмсайды

Украинаның министрлер кабинеті APCO Worldwide Inc. халықаралық консалтинг компаниясын жалдады. Шарт бойынша олар Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюкке оның АҚШ-қа жоспарланған іс-сапары кезінде бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату бойынша қызметтерді ұсынуы тиіс. Америкалық пиаршылар қызметін 35 мың долларға бағалап отыр.

Бұл туралы ақпаратты АҚШ Әділет министрлігінің шетелдік агенттер туралы ақпаратты ашу жүйесіне (Foreign Agents Registration Act., FARA) сілтеме жасап, укаиндық басылымдар жариялады. "APCO Worldwide Inc. компаниясы және Украина үкіметімен сапар шарттарын әлі де талқылау үстінде. Дегенмен, алдын-ала мәлімет бойынша Яценюктің сапары кезінде  АҚШ-тық агенттік БАҚ-пен байланыс қызметтерін 35 мың долларға бағалап отыр ", - делінген жарияланымдарда. Құжатқа сәйкес, консалтинг компаниясы Украина үкіметінің атынан АҚШ-тың медиакомпанияларымен және басқа ұйымдарымен байланысты ұсыну міндетін өзіне алады. Еске сала кетейік, APCO Worldwide Inc. - әсіресе саяси мәселелер бойынша консалингілік коммуникацияларды ұсынатын белгілі компания.

Похожие материалы