"Қазаэрожобасы" ғылыми-зерттеу және жобалау институты Қазақстандағы жекешелендіру толқыны аясында нарықтық құнынан 2 есе арзанға сатылды деп мемлекеттік кіріс комитетіне сілтеме жасап, LS хабарлайды.
1,088 млрд теңге деп бағаланған институтты Астаналық жеке тұлға 570,005 млн теңгеге жекешелендіріп алды. Осы арқылы, нысан нарықтық құнынан 1,9 есе аз бағаға сатылды. Жеке тұлға сауданың жалғыз қатысушысы болды. Бұған дейін ұйым транспорт және коммуникация министрлігіне тиесілі еді. Институт әуежайлар, аэродомдар, әуе көліктерін қондыру және аэродромдарды метереологиялық, аэронавигациямен қамтамасыз ету үшін технологиялық құралдарды жобалаумен айналысады. Жекешелендіру саудасына ұлттық атом компаниясының "Қазатомөнеркәсіптің" еншілес компаниясы "Жөндеумонтажсервис" те жекешелендіруге шығарылды. Нарықтық құны - 922 млн теңге. Сауда 4 тамызда өтеді. Компания химиялық құрылғылардың, құбырлардың жөндеу жұмыстарымен, атом энергиясын пайдалану нысандарын пайдалануға берумен, радиоактивті материалдар үшін жабдықтау кешендерін өндірумен айналысады. Еске салайық, Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқыны жүріп жатыр. 7 шілдеге қарай жалпы құны 63,5 млрд теңге болатын 183 нысан сатылды. 157,5 млрд теңгенің 146 нысаны саудаланып жатыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024