Бішкек. 12 қараша. 7kun.kz — Қырғызстандағы сайлау алды үгіт-насихат кезінде кандидаттардың жіберген қателігінен Қазақстанмен шекарада бірнеше қиындық туды, — деді саясаттанушы Бақыт Бакетаев қырғызстандық басылымға берген сұхбатында.
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылау нүктелерінде адам кезегі мен көлік кептелісі орын алды. Ресми ақпараттарда мәселе саяси жағдай емес, техникалық ақауларға байланысты деп түсіндіріледі. Келеңсіздікті Қазақстан тарапы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа жауап ретінде қасақана жасап отыр деген болжам бар.
«Қазақстандық шенеуніктер тарапынан қате әрекеттер болды. Туындаған қателіктерді техникалық ақау әсерінен десек, түсінікті. Бірақ шекараны жауып тастап, қырғызстандықтарды депортацияласа, бұл ЕАЭО наразылығын туғызады», — деді саясаттанушы.
Сұхбат барысында Б.Бакетаев мәселе ушыққан жағдайда не болатыны туралы пікір білдірді.
«Егер біздің мигранттарымыз Қазақстаннан жаппай қоныс аударыла бастаса, ЕО мен АҚШ бұған үнсіз қалмайды. Бұл батыс елдері тарапынан Астанаға санкциялар енсе ғана білінуі мүмкін. Сонда ғана, ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы позициясын білдіре бастайды».
Б. Бакетаев Қырғызстан азаматы ретінде де жауап берді.
«Қарсылық жақсылыққа әкелмейді. Бірақ біз бұны бастамадық. Қырғызстанның желін қажет еткен адам – дауылдан зардап шегеді».
«Егер бұл мәселе тез және конструктивті түрде шешімін таппаса, онда үлкен дау қаупі бар. Дер кезінде шешілмеген жағдайда дау шеті Өзбекстанға, Тәжікстанға және Түркменстанға да жетеді. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жағдайдан шығу қиын, бірақ шешімін табу керек», — деді саясаттанушы сөз соңында.
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024