Алматы. 17 қазан. 7kun.kz - Қырғызстан экономика министрлігі Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың қағидаларын орындамайды, деп ЕЭК-ға шағым түсірді. Бұл туралы sputniknews.kz жазды.
Айта кетейік, 10 қазаннан бастап қырғыз-қазақ шекарасында бірқатар қиындықтар туындаған еді. Үш өткізу бекетінде көлік кептелісі пайда болып, адамдар ұзын сонар кезекке тұрды. Қазақстанның ҰҚК "бұл шекаралық профилактикалық операцияларға байланысты", деп мәлімдеген еді.
sputniknews.kz жазуынша Қырғызстан экономика министрлігі хабарламасында "Қазақстан енгізген қосымша қадағалау ЕАЭО туралы Келісімнің негізгі қағидалары мен мақсаттарына қарама-қайшы келеді, интеграция мақсаттарына жетуге кедергі келтіреді" делінген.
Сондай-ақ бүгін Қырғыз Үкіметінің Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсіргені белгілі болды. Мұны "Интерфакс" агенттігіне үкіметтің баспасөз қызметі мақұлдаған.
Агенттікке берген сұхбатында үкіметің баспасөз қызметінің өкілі "Шағым түсіруге себеп - Қазақстанның ДСҰ тарифтер мен сауда туралы Бас келісімінің негізгі қағидаларын бұзуы себеп", деп түсіндірген.
Айта кетейік, А.Атамбаев өткен жексенбіде Қазақстанмен шекарадағы мәселе шешілмесе ЕАЭО-тың кезектен тыс сесиясын өткізу мәселесін көтеретінін мәлімдеген еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024