Қырғызстан үкіметі Қазақстанмен кедендік шекара ашудың жаңа мерзімін атады. Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Валерий Диль мәлімдеді деп жазады 24.kg порталы.
Оның сөзінше, Қырғызстан маңызды кезеңге қадам басқалы тұр. Республиканың Еуразиялық экономикалық одаққа енуі туралы барлық процедуралар аяқталды. Тамыз айының басында Қазақстанмен кедендік шекара ресми түрде ашылады деп жоспарланып отыр. "Қырғызстанның алдында экономика құрылымын өзгерту деген маңызды тапсырма тұр. Бізге шынайы секторды дамыту қажет", - деп атап өтті Валерий Диль. Еске салайық, өткен аптада Қырғыз Республикасының премьер-министрі Темір Сариев қырғыз-қазақ шекарасы 25 шілдеде ашылады деп мәлімдеген еді. 2015 жылдың 21 мамырында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы Келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024