Астана. 7 наурыз. 7kun.kz – Алмазбек Атамбаев өз төрағалығында бизнестің дамуына назар аударып, барынша жағдайлар жасау керектігін ұсынды. Бұл туралы Қырғыстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков хабарлады.
«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ЕАЭО-қа мүше елдердің басшыларына жолдауында, 2017 жылды Еуразия аумағындағы бизнестің дамуына жағдайлар жасауға арнау керектігін айтты»,-дейді Сооронбай Жээнбеков Еуразиялық мемлекетаралық кеңестің кеңейтілген құрамында.
«Негізгі мәселелер: инвестициялық саясатты іске қосу, ЕАЭО елдеріндегі еңбек етушілер мен олардың отбасын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қою, сандық кеңістік қалыптастыру стратегиясын қабылдау. Одан бөлек, өнеркәсіптердің негізгі бағыттарын жүзеге асыру және ЕАЭО қызметтері нарығын либералдау мен одақтың қаржы нарығына ортақ концепция жасап шығару қажет»,-деді премьер-министр.
Оның ойынша, аталған бастамаларды жүзеге асыру үшін, ең бірінші қызығушылық пен тыңғылықты жұмыс керек.
«Осы мақсатта экономикалық одақ комиссиясы мен оған мүше елдер үкіметі бірігіп қысқа уақытта жоспар жасап шығаруды тапсырмын»,-деп айтылған жолдауда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024