Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кірген соң Қазақстанмен арадағы шекара ашылады деп күтілуде. Бұл жөнінде Қырғызстан республикасының экономика министрі Олег Панкратов сәрсенбі күнгі баспасөз маслихаты кезінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қырғызстан бірыңғай кедендік тарифке ауысады. Сонымен бірге, қырғыз-қазақ шекарасындағы бақылау алынып тасталады. Республикадағы еңбек мигранттары да ЕАЭО туралы келісімде қол қойылған жаңа заңмен жүретін болады: емтихан мен квоталарсыз, оларға қатысты әлеуметтік жинақ жүретін болады, медициналық қызмет, мектеп пен балабақшаларға кепілдемелер алады. "Біз ЕАЭО еңбек нарығының бір бөлшегіне айналып жатырмыз", - дейді О.Панкратов. Қырғызстан үкіметі аппаратының айтуынша, Қазақстанмен арадағы шекара алдағы аптада ашылады деп жоспарланып отыр. ЕАЭО құрамына қосылу туралы келісімге 2014 жылдың желтоқсан айында қол қойылған еді. Ал, оған тиісті хаттамалар 2015 жылдың 8 мамырында жасалған. Жоғарғы экономикалық кеңес барлық ЕАЭО елдерімен ратификация жасалған соң күшіне енеді деген шешім қабылдаған еді. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ең соңғы болып қол қойды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024