Алматы. 10 маусым. 7kun.kz - Бөстері ауылында Ыстықкөл өзенінің солтүстік жағалауында орналасқан қазақстандық «Cамал» пансионаты жұмысын уақытша тоқтатпақ. Бұл туралы Tazabek.kg порталы хабарлады.
Қырғызстанның Ыстықкөл облысы бойынша Мемлекеттік экология және техникалық қауіпсіздік инспекциясының басшысы Талантбек Борочоровтың айтуынша, пансионаттың жұмысын тоқтатуына қаржылық қиындықтар себеп болған.
«Пансионатта тазарту құралдарының болмауы және экологиялық техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан ол былтырғы жылы бос тұрды», - дейді ол.
Пансионаттың иесі Қ.И.Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, жетекшісі – Чанышкулов Тұрумбек Сатылғанов «Былтырғы жылы біз олардың жұмысын тоқтаттық. Пансионат толық электр тоғынан өшірілді. Қазір пансионат басшылары пансионатты консервациялау уақытына ғана электр энергиясын бірнеше күнге қосуды сұрап отыр», - дейді ол.
Басқарма басшысы пансионат басшылығы орталықтың өз жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектесетін инвестор іздейтін шығар деген болжам айтты. Осыған дейін Қазақстан 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Қазақстан» санаторийін, «Самал» демалыс үйін, Ыстықкөлдегі «Университет» спорттық-сауықтыру лагерін үш және төрт жұлдызды қонақ үйлер дәрежесіне дейін жеткізу керек деп мәлімдеген болатын.
Тілеухан Ершат
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024