Алматы. 13 қараша. 7kun.kz - 2017 жылдың алғашқы 8 айында Қазақстан мен Қытайдың арасындағы сыртқы сауда айналымы 31 пайызға артты. Экспорт – 3,5 млрд доллар, импорт - 3 миллиард долларды құрады деп хабарлайды Инновация және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Форумға 13 қазақстандық өндіруші мен 100-ге тарта қытайлық сатып алушы қатысты.
«ЭФКО Қазахстан» компаниясы Қытайға 1000 тонна күнбағыс майын жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойды.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ департаментінің директорының айтуынша, «KAZAKH INVEST» барлық отандық өндірушілерге Қытайдан сапалы бизнес серіктестер іздеп, табуға көмектеседі. Себебі, Қытай - қазақстандық өнімдерді жеткізуге жақын нарық. Биыл біз Гуанчжоу, Шанхай, Нанькин, Гонконг елдеріне отандық өндірушілерді таныстырдық. Нәтижесінде қазақстандық бал, мұздатылған ет, сары май, балмұздақ және басқа да өнімдер Қытай нарығына экспортталып жатыр.
Форум нәтижесінде 5,3 млн доллар көлемінде экспорттық келісімшарттар жасалды.
Бұған дейін Қазақстан мен Қытай ауылшаруашылығы саласында 6 кесілімшартқа қол қойған еді.
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024