Экономика
Выбор редактора
Қытай Қазақстанда қант зауытын салады
Қытайдың Нинься провинциясы Алматы облысында қант зауытын салады. Мұндай келісім-шарт облыстың кәсіпкерлер палатасы мен қытай кәсіпкерлерінің арасында мақұлданды. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап, LS хабарлайды.
Қытайлықтар облыстың Ақсу ауданында қант қызылшасын егумен айналысады. Сондай-ақ, аймақта күтіп-баптау мәдениеті мен егіншіліктің инновациялық технологиясын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы саябағын құру көзделіп отыр.
Екі мемлекеттің кәсіпкерлері қытай технологиясымен жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу ісін дамытуға келісім жасады. Қытайлар лабиринтті суару құрылғысын іске қосуға уәде берді.
«Біріктірілген жобаны іске асыруда провинцияның ең ірі мемлекеттік ауыл шаруашылық компаниялары жұмылдырылып, серіктестікті нығайту үшін екі аймақтың іскерлік кеңесін құруға шешім қабылданды», - деп хабарлады Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Ләззат Шыңғысбаева.
Айта кетейік, Қазақстанға қантты импорттаушы басты мемлекет - Бразилия.