Қытай бизнесмендері Қазақстаннан сояны шектелмеген мөлшерде алуға дайын. Бұл туралы "Бір белдеу, бір жол" Қытай-Қазақстан бизнес-форумында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев хабарлады.
"Осында келген қытайлық бизнесмендер осы жақтан сояны немесе соя өнімдерін үлкен көлемде алуға дайын екендерін айтты. Кез келген мөлшерде, себебі тұтыну нарығы өте үлкен және олар сояны өсіріп-өндіріп үлгермей жатыр. Менің ойымша, Алматы облысында өсіруге болады", - деп мәлімдеді Н.Әлтаев. Ол бұған қоса Қытай жағы ет өнімдеріне мұқтаж екенін айтты. "Осында ірі ет өңдеуші өндірістердің өкілдері келді. Оларда үлкен шикізат тапшылығы байқалуда. Мұнда да зор тауаша бар, соны толтыруға болады", - деп есептейді Н.Әлтаев. ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Қазақстанға экспортшы ретінде игеруге болатын тауашаларды таңдау қажет екенін айтты. "Біз Қытай тек өндіруші ғана емес, сондай-ақ үлкен тұтынушы екенін түсінуіміз керек. Халықтың әл-ауқаты артып келе жатқандықтан, адамдар жақсы әрі әрқилы тамақтанғысы келеді. Егер бұрындары олар бір кесе күрішті қанағат тұтса, қазір олар алманы, уылдырықты, апельсинді, етті қалайды. Бұл тұрғыдан біздің мүмкіндіктеріміз зор - Қытай барлығын өндіре алмайды, ол мүмкін емес. Біз белгілі бір тауашаларды таңдап, жеткізуіміз тиіс", - деп түсіндірді ҰКП топ-менеджері. Оның айтуынша, бірқатар қазақстандық компаниялар Қытайға азық-түлік өнімдерін жеткізуге ықыласты екендерін білдірген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024