ҚХР экономика дамуының кері шегеруін тоқтатқанына қарамастан, пайыздық мөлшерлемені либераландыруды жалғастырмақшы. Қытай Халық банкінің басшысы Чжоу Сяочуанның мәлімдеуінше, бұл жағдай осы жылы орын алуы мүмкін.
Осы аптаның ортасында өткен брифинг барысында жылдың ортасына дейін депозиттерді сақтандыру бағдарламасының іске асатындығын да мәлімдеді. 2014 жылдың соңында жарияланған жоспар бойынша, 500 мың юань (81 мың доллар) көлеміндегі жинақтарға сақтандыру жүреді.
Сондай-ақ депозиттердің пайыздық мөлшерлемесіне қатысты шектеулердің сақталатындығы да хабарланды. Қытай Халық банкінің реттеуі бойынша, банк ұсынған пайыздық мөлшерлемелер ҚХБ-нен 30 пайыздан аспауы керек.
"Осы жылы мүмкін болса, депозит бойынша мөлшерлемелер еркін реттеуге жіберіледі. Бүған жақсы мүмкіндік бар", - деді ҚХБ басшысы.
Өз баяндамасы кезінде Чжоу Сяочуань Қытайдың Ресеймен әріптестікке аса көп көңіл бөлетіндігін де мәлімдеді және Халықаралық валюта қоры юаньды интернационалдандыру мәселесіне көңіл бөледі деп сенетіндігін де атап өтті.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024