Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz - 2016 жылы Қытай халқының саны 1 млрд 382 млн адамнан асты. Халық саны мұндай көрсеткішке Қытайдың әкімшілік аймақтары Гонконг пен Макао халқын қоспағанда жетіп отыр.
2016 жылы мемлекетте 17,86 млн сәби дүниеге келген, 9,77 млн адам қайтыс болған. Ер адамдар саны - 708,15 млн, әйелдер саны - 674,56 млн. Қытайлық мамандардың сөзінше, елде ерлер саны көп және 2020 жылға қарай 4 млн еркек отбасын құра алмауы мүмкін.
Еңбекке қабілетті адамдар саны (16-59 жас) 907,47 млн адамды құрайды. Ал зейнет жасындағы қытайлықтардың саны (60 жастан жоғары) - 230,96 млн адам. Бұл жалпы халық санының 16,7%-ы.
Қалалақ жерлерде 792,98 млн адам тұрса, елдімекендерде тұратындар - - 589,73 млн адам. Қала тұрғындарының саны 2016 жылы 21,82 млн адамға өссе, ауылды жерлерде 13,73 млн адамға қысқарған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024