Қытай Халық банкі (ҚХБ) үшінші күн қатарынан долларға қатысты юань бағамын төмендетті. China Foreign Exchange Trade System-ге сілтеме жасаған "Прайм" басылымының хабарлауынша, бейсенбіде қытайлық реттеуіш долларға қатысты юань бағамын 1,1 пайызға тағы түсірді.
12 тамызда ҚХБ юань курсын 1,6 пайызға төмендетіп, доллар үшін 6,33 деп бекіткен еді. Ал 11 тамызда соңғы 20 жылдағы ең ірі девальвация жүргізіліп, долларға қатысты юань бағамы 1,9 пайызға құнсыздандырды. Банктың хабарлауынша, бұл шешім юанды нарықтық еркіндік бағытында айналымды болуына көмектеседі. Қытайдағы қаржы мекемесінің басшылығы бұл тек бір реттік шешім деп мәлімдеген еді.
Курс бағамының төмендеуі юанның орталық паритетті курсы мен нарықтық курсы аралығындағы айырмашылықты азайту үшін жүргізілді. Қытайлық банк мамандардың пікірінше, қысқамерзімді перспективада курстың ауытқушылығына әкелуі мүмкін, бірақ бейімделу кезеңінен кейін ол қалпына келуі қажет.
"Орталық банктың айырбастау курсын тұрақтандыруға барлық мүмкіндіктері бар. Егер қажет болса, валюта нарығына тікелей интервенция арқылы да жүзеге асыруға болады", - деп мәлімдеді ҚХБ экономисті Ма Жунь.