Қытайлық компаниялар қазақстандықтық серіктестермен бірлескен кәсіпорын ашып, ұшақ өндірісін бір жолға қоюға даяр. Бұл жөнінде Алматы қаласында өткен қор нарықтарының Қытай-Ортаазиялық форумында авиациялық өнеркәсіп корпорациясының вице-президенті Сяндон Ву мәлімдеді.
«Біз бірнеше бағыттарда қазақстандық серіктестермен бірлесе отырып жұмыс жасай аламыз. Бірінші - машина жасау. Мәселен, біз бірлескен ұшақ жасайтын кәсіпорын аша аламыз. Осылайша, қытайлықтар тарапынан стратегиялық серіктестер шақырылып, қажетті өнімдер мен жобалар жасалатын болады. Екінші бағыт - Қазақстан үшін маңызы зор болатын технопарктер ашу. Үшіншісі - қазақстандық жақ пен қытайлықтар жағының серіктестігі орта және алыс қашықтықтағы әуе тасымалдарын жақсартуға жол ашады. Әуе тасымалдарының келешегі зор. Себебі, Қазақстанның жері кең байтақ», - дейді Сяндон Ву.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





