Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай қор нарығын құтқару үшін 322 млрд доллар бөледі

Қытай қор нарығын құтқару үшін 322 млрд доллар бөледі

Қытайлық (China Securities Finance Corp., CSFC) қаржы корпорациясы акциялар сатып алып, қор нарығын қолдау үшін 2 трлн юань (322 млрд доллар) сұрап отыр. Осыған дейін Қытайдың Халық Банкі (ҚХБ) CSFC -ге 483 млрд доллар берген еді.  CSF орталық банк пен мемлекеттік бақылауындағы коммерциялық банктерден алынған қаржыға акцияларды сатып алады деп жазады vestifinance.ru

Маусымда Shanghai Composite  индексі 29 пайызға құлағаннан кейін Қытай билігі елдегі қор нарығын қолдау үшін төтенше шаралар қолдануға мәжбүр болды. Нәтижесінде қытайлық компаниялардағы капиталдандырудың төмендеуі 3,4 трлн долларға қысқарды. Енді қор нарығындағы қағаздарды сатып алуға жұмсалуы тиісті қаржы көлемі 800 млрд доллардан асып түсуі мүмкін. Бұл Ресейдің алтын-валюталы қорынан 2,5 есе көп. Қытай билігінің шешімі Bank of America Merrill Lynch сарапшыларын алаңдатып отыр. Егер құлдыраудың алдын алмаса, ҚХБ-ның балансында үлкен қаржы шұңқыры пайда болуы мүмкін. Барлық қаржы қор нарығын қолдауға кеткендіктен, оның орнын толтыру мүмкін емес болып қалады дейді олар. Қазір Қытай билігі үшін қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыру ең маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Көпшілік жергілікті және шетелдік ойыншылар нарыққа сенімін жоғалтып үлгерді.

Похожие материалы