Қытай юаны долларға шаққанда тағы 10 пайызға арзандауы мүмкін. Мұндай болжамды Deutsche Bank сарапшылары жасап отыр деп жазады lsm.kz.
"Экономика тұрақтылығына сай доллар 10-15 пайыз боп бекітілсе, қытай юаны тағы 10 пайызға құнсыздануы мүмкін." - дейді Deutsche Bank сарапшысы Ник Лоусон. "Қытай үкіметінде де осы мәселеге орай пікірталас қызу жүріп жатыр. Тараптар экспортты қолдау мақсатында юанның құнсыздануын қолдап отыр. Өйткені әлсіз валюта қытай өнімдерін мейлінше тартымды қыла түседі. Мұндай кезеңде халықаралық компаниялардың да жоғары бағаға деген тәуекелдері арта түседі." - дейді сарапшы. Айта кетейік, бұған дейін Қытай Халық Банкі ұлттық валюта - юанды 2 пайызға құнсыздандырған болатын. Дегенмен, бұл құнсыздануды Қытай Халық Банкі валюта айырбастау курсын реттеу мақсатында біржолғы қиындық ретінде қарастыратынын айтты. Банк мәлімдеуінше, юан қай кезеңде де халықаралық валюталардың бірі болып қала береді.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





