Пекин. 26 қазан. 7kun.kz - Қытайдың шенеуніктері АТ-компанияларды іздеуді бастап кетті. Ол компаниялар Пекинге жақын орналасқан Селикон алқабында (Сюнъань ауданы) орналасады.
Ең бірінші орталыққа Kuang-Chi Group компаниясы орналасады. Компания 2010 жылдан бастап, телекоммуникация, аэроғарыштық зерттеулермен, ақылды қала инфрақұрылымымен, жасанды интеллект және денсаулық сақтау бойынша сандық технологиямен айналысады.
Қытайдың бірнеше ірі компаниялары бизнестерінің бір бөлігін Селикон алқабына орналастыруға ниет білдірген. Олардың ішінде China Mobile, Baidu, Tencent және Alibaba компаниялары бар.
Жаңа компанияларды орталыққа тарту үшін жергілікті билік жалға беру бағасы мен коммуналдық қызметтер бағасын төмендеткен. Бірақ билік Сюньанда орналасуды қалайтын компаниялардың барлығында мүмкіндік бола бермейтіндігін айтады. Компаниялар арнайы тексерістен өтеді.
Айта кетейік, Қытай үкіметі 2017 жылғы 1 сәуірде Сюньань ауданында жоғарғы технологиялық орталық ашатынын мәлімдеген. Орталыққа ақпараттық технология компаниялары орналасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024