Дүйсенбі күні Қытайда болаттың бағасы 2003 жылдан қаңтарынан бері ең төмен деңгейге түсті - тоннасына 2458 юань ($396). Бұл туралы Beijing Antaike Information Development Co. деректеріне сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Көрсеткіш қатарынан оныншы сессия төмендеп келеді, сарапшылар мұны Қытайдағы ең қарқынды құрылыс кезеңінің аяқталуымен түсіндіреді. Жыл басынан бері ҚХР-да болат 11%-ға арзандады, металл құны бұған дейін төрт жыл бойына төмендеп келген, себебі қытайлық тұрғын үй нарығындағы ұзақ әлсіреу кезеңі металға деген сұранысқа кері әсерін тигізді. Сонымен қатар сәуір айында бірқатар Қытай қалаларында жаңа құрылыстардың бағасы төмендеді, алайда алдыңғы айда мұндай қалалардың саны сәуір айындағы көрсеткіштен жоғары болған еді. ҚХР Ұлттық статистика басқармасының деректеріне сүйенсек, сәуір айында Қытайдың 70 ірі қаласының 47-нде жаңа ғимараттардың бағасы арзандаған, наурыз айында - 49 қалада. Ал бір жылдық кезеңді алсақ, 70 ірі қаланың 69 қаласында тұрғын үй арзандапты. Қытайдың шойын және болат өндірушілер қауымдастығының мәліметінше, І тоқсанда Қытайда болатты тұтыну көрсеткіші 6%-ға қысқарған. Ұйым сарапшыларының айтуынша, сұраныс шыңының мезгілі өтіп кетті және өсім әлі біраз уақыт қалпына келмейді. ҚХР сәуір айында болат қорыту деңгейін 2014 жылдың осы айымен салыстырғанда 0,7%-ға, 68,91 млн тоннаға дейін қысқартты.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024