Қытайдың Далянь қаласында бүкіләлемдік экономикалық форум өткізетін жаңа чемпиондардың жыл сайынғы саммиті ашылды. Қатысушы елдердің ішінде Қазақстан да болады.
Саммиттің баспасөз баяндамасы бойынша, негізгі тақырып ретінде әлемдік қаржылық жүйенің болашағы, халықаралық сауда және инвестиция, интернет дамуы, азық-түлік қауіпсіздігі, экология және табиғи ресурс жетіспеушілігінің проблемасы талқыланады. Форум жұмысына жалпы ҚХР, Әзірбайжан, Грузия, Латвия, Малайзия, Моңғолия, Қазақстан, Швеция, Жапония және басқа де мемлекеттердің үкімет мүшелері қатысады. Сондай-ақ JPMorgan Chase, Mitsubishi, Alibaba Group, Dow Chemical, Unilever, ArcelorMittal тәрізді компаниялардың басшыларын кездестіруге болады. Қатысушылар ғылым мен технологиядағы адамзат болашағын өзгерте алатын жобаларды қарастырады. Оның ішінде ақпараттық технология және жасанды интеллект, биотехнология, инновациялық медицина бар. Еске салайық, жыл сайын Қытайда өтетін саммит тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024