Қытай билігі елдегі ойын консолдарының өндірісі мен сатылымына енгізілген тыйым салуды кері шегермекші. Бұл туралы Wall Street Journal басылымы жазады.
Ойын приставкаларының сатылымы ҚХР-да 2000 жылы шектелген еді. Мұны құрылғылар балалар мен жасөспірімдерге негативті ықпал етеді деп түсіндірді. Сондықтан Sony, Microsoft және Nintendo компанияларының Қытайдағы бизнесін дамытға шектеу енгізілген. Ойын құрылғыларын тек Шанхай еркін сауда аймағында сатуға рұқсат бар. Жаңа өзгеріс бүкіл Қытай бойынша ойын приставкаларын өндіруге және сатуға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік және жергілікті компанияларға да қатысты. "Біз үшін тамаша жаңалық болды", - деп мәлімдеді Sony Computer Entertainment қытай билігінің шешімі туралы пікірінде. Енді PlayStation, Xbox және Wii консолдарының сатылымы өсе түсуі қажет. Айта кетейік, сарапшылардың бағалауынша, осы жылы қытай ойындары мен мобильді өнімдер нарығы 22,2 млрд долларға жетпек.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024