Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz - Көп сағатты тікелей эфирге шығуға маманданған Қытайдың ең бай блогері Леле Тао (Lele Tao) орташа алғанда жылына 448 мың доллар табыс табатынын айтты. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Басылым атап өткендей, бойжеткен елдегі ең көп ақы төленетін блогерлерінің бірі саналады. 24 жастағы интернет-жұлдызы бірнеше сағат бойы камераның алдында отырып, жазылушыларының алдында ән айтып, би билейді.
Оның айтуынша, ол тікелей эфирге үш сағат бойы дайындалады, ал трансляция тоғыз сағатқа дейін созылады. Тао өзінің миллиондаған аудиториясының алдында макияжсыз шықпаған көрінеді, себебі басқа да блогер-қыздар тарапынан бәсеке жоғары.
«Мен басқалардың менен әдемі және менен артық екенін білемін, сондықтан аудиторияны жинау үшін көп жұмыс істеуім керек», - деп атап өтті қытайлық бойжеткен. Бойжеткен интернет-аудиторияның алдында 18 жасынан бастап шығады. Ол агенттікпен ынтымақтасып жұмыс жасайды, сондықтан серіктестерінің көптеген талаптарын орындауға мәжбүр. Сондай-ақ оның табысының бір бөлігін агенттік алып отырады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024