Қытай билігі ҚХР-дың бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юнканға ресми түрде айып тақты. Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлайды.
Экс жоғарғы лауазымды министрді пара алды, қызметтік бабын пайдаланды және мемлекеттік құпияны жариялады деп айыптап отыр. Енді 72 жасар Чжоу Юнкан елдің солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласында сот алдында жауап береді.
Ол жемқорлық әрекетіне байланысты айыпталған шенеуніктердің ішіндегі ең лауазымдысы болып тұр. Экс-министр отставкаға кеткенге дейін 2007-2012 жылдар аралығында ҚХР билігінің жоғарғы органдарында жұмыс істеді. 2014 жылы ол мемлекеттік билікке қарсы қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынып, компартиядан қуылды.
Чжоу Юнкан қуғынға ұшыраған Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің бұрынғы мүшесі Бо Силайға қолдау білдірді деп күдіктеліп отыр. Өз кезегінде Бо Силай Қытайдың ең ірі қалаларының бірі Чунцинді басқарып, 2013 жылы өмір бойына қамауға алынған. Оған Чжоу Юнканның қолдау білдіруі партия ардагерлерінің наразылығын тудырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024