Қытайлық «Синьцзян Гуанхуэй Петролеум» компаниясы 2016 жылы Қостанайда табиғи газды сұйылтумен айналысатын зауыттың құрылысын бастайды деп хабарлайды облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі. Қытайлық компания жобаға салынатын инвестиция көлемін 15 млрд теңге деп бағалап отыр.
Зауыттағы сұйытылған табиғи газды өңдеу көлемі жылына 100 млн шаршы метрді құрайды. Алдағы уақытта 300 млн шаршы метрге дейін көбейту жоспарланған. Зауыттың құрылысына қатысты басқа да сұрақтар Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов пен қытайлық компания басшысының орынбасары Ван Джантиннің кездесуінде талқыланды. Жаңа кәсіпорын "Қостанай СТГ" ЖШС деп аталмақ. Қазіргі уақытта жер аумағы туралы сұрақ шешіліп, жобаның техникалық-экономикалық негіздері туралы жұмыс жүргізілді. Облыс әкімі Н.Сәдуақасовтың атап өтуінше, Қостанай облысы үшін табиғи газды сұйылту технологиясы қымбат газ құбырларының құрылысына шығындалмауға мүмкіндік береді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024