ҚХР Құнды қағаздар нарығын реттеу жөніндегі комиссия (China Securities Regulatory Commission, CSRC) жұма күні бағалы қағаздармен маржиналдық саудалау ережелерін күшейткендігі туралы жариялады деп хабарлайды MarketWatch.
Атап айтқанда, реттеуіш брокерлердің акциялардың маржиналды саудасына (қарыздың пайдаланылуымен саудалау) қаражат ұсынатын "шатырлы трасттерден" (umbrella trusts) қаржы алуына тыйым енгізді. Сондай-ақ CSRC қауіптері жоғары болып сипатталатын шағын компаниялардың акциялармен жүргізетін маржиналдық саудасын шектеді.
Бұған қоса, Шанхай және Шэньчжэнь қор биржалары төмендеуге ойнау ("қысқа" сатылымдар деп аталады) үшін рұқсат етілген бағалы қағаздардың тізімін кеңейткісі келетіндігі туралы хабардар етті.
"Маржиналдық несиелендіру жақсы дамып келеді, ал "қысқа" сатылымдар бизнесі салыстырмалы түрде төмен қарқынмен өсуде", - делінеді биржалардың мәлімдемесінде.
Аналитиктердің атуынша, мұндай шаралар Қытайдың қор нарығындағы сауда көлемінің артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сонымен қатар соңғы 12 ай ішінде Shanghai Composite қор индексі 111%-ға өсті, ағымдағы жылдың басынан бері өсім 32% қамтыды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024