Алматы. 24 қазан. 7kun.kz - Meituan Dianping әлемдегі ең жоғары бағаланған стартаптың бестігіне кірді. Стартап 30 млрд-қа бағаланып, 4 млрд қаражат жинаған деп жазады Bloomberg.
Пекинде құрылған Meituan Dianping компаниясын көп елдер біле бермейді. Компанияның қызметі Groupon, Yelp, Foodpanda және UberEats-тің қызметтерінің қосындысына ұқсас. Яғни тағамдарды және түрлі қызметтерді жеткізумен айналысады. Азық-түлік пен кино билеттерін сатып алуға жеңілдіктер ұсынады.
Стартап жобасына қытайдың Tencent Holding холдингінен, Sequoia Capital қорынан, америкалық Priceline Group туристік компаниясы мен басқа да инвесторлардан 4 млрд доллар жиналған.
"Meituan Dianping нарықтағы үстемдігімен инвесторлардың сенімінен шықты. Қазір миллиардтан астам тұтынушысы бар. Түскен табысты компания алдағы уақытта жасанды интеллект пен пилотсыз ұшу аппаратымен жеткізу қызметі жобасын дамытуға жұмсайды", - деп жазады басылым.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





