Қытайлық Caijing онлайн-басылымының журналисті елдегі қор нарығының құлдырауына өзінің кінәлі екендігін мәлімдеді. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлайды.
Сяолудың сөзінше, оның қаржы нарығының жағдайы туралы есебі тек қауесет пен болжамға құрылған. "Бұл жалған ақпаратқор нарығында дүрбелең туғызып, сауда қатысушыларының сеніміділігіне күмән туғызды. Ел мен инвесторларға үлкен шығын келді", - деді ол. 31 тамызда Қытайдағы орталық CNTV телевидениесі Сяолудың мәлімдемесін жариялады. Business Insider басылымының атап өтуінше, бұл жағдай қытайлық қор нарығы қатысушыларының мемлекет шешіміне қатты бағынышты екендігін білдіреді.Еске салайық, маусымда қытайлық қор нарығы ең ұзақ өсімін тоқтатып, төмендей бастады. Қытайлық қаржы корпорациясына (China Securities Finance Corp., CSFC) нарықты қолдау үшін 1 трлн юань берілді. 20 маусымда Caijing журналы CSFC-тың нарыққа қатысуын тоқтатуы нарықтағы дүрбелеңге және Shanghai Composite индексінің төмендеуіне әкелді деп жазған еді.
Бұл болжам Қытайдағы фьючерстердің құлдырауына себеп болды, бірақ өте қысқа уақыт ішінде ҚХР-дағы құнды қағаздар нарығын реттеуші Комиссия (China Securities Regulatory Commission, CSRC) Caijing хабарламасы «жай ғана қауесет» деген мәлімдеме жасады. Осы туралы материал жазған журналисті «акциялар мен фьючерстердің саудасы туралы нақтыланбаған ақпарат таратты» деген айыппен қамауға алды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024