Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қызылорда облысында кәсіпорындар саны артып келеді

Қызылорда облысында кәсіпорындар саны артып келеді

Қызылорда. 14 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 9094 бірлікті құрады. 2016 жылдың ақпанында қаңтармен салыстырғанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 1,0 пайызға артты. Бұл туралы облыс статистика комитеті хабарлады. 

2016 жылғы 1  наурыз айында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны  6885 бірлікті құрады, одан 6521 бірлік – шағын кәсіпорындар. Белсенді заңды тұлғалар – 4485 бірлік, оның ішінде шағын кәспорындар – 4127 бірлік. Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны құрылысқа келеді, оның үлесі 18,9 пайызды, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметіне 16,2 пайызды, білім беру 11,2 пайызды құрады, осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 46,3 пайызын құрайды.

Похожие материалы