Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қызылордада жаңа ипподром ашылды

Қызылордада жаңа ипподром ашылды

Қызылорда. 5 қазан. 7kun.kz - 4 қазанда Қызылордада «Алтын күз-2015» мерекесінде жаңадан ипподром ашылып, ат бәйгесі өтті. Шараға аймақ басшысы Қ.Көшербаев қатысты. Бұл жөнінде облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Облыс орталығында  жаңадан  пайдалануға берілген  ипподром мемлекеттік жеке-әріптестік аясында «ҚазГерМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  қаржысынан салынды. Барлық халықаралық талаптарға сай. Мұнда, ат спорт түрлерін үйрететін үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Енді аймақта жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізіп, ұлттық спортты ұлықтауға мүмкіндік бар.

– Қазақта атқа байланысты теңеулер, әндер, жырлар көп. Бұл жылқы жануарын киелі санағанның белгісі.  Республикалық жарыстарға облысымыздан қатысқан ауыздығынан жел ескен, асыл тұқымды  «Император», «Қара қыз» секілді тұлпарлар ел аузында аңыз болып айтылып жүр. Бүгін пайдалануға беріліп отырған жаңа ипподромда сол сәйгіліктердің ізін жалғайтын тұлпарлар шығатынына сенімдіміз. Мереке баршаңызға құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Похожие материалы