Солтүстік Қазақстандық оқушы Әлімхан Болат, еліміздің мақтанышы, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге арнап робот жасап шығарды. Өнертапқыштың ендігі арманы осы туындысын чемпионның өзіне сыйға тарту болып отыр, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.
Бұл кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген жерлесіміз Генннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі. Былғары қолқап шеберінің жеңісі Болатқа шабыт беріп, бірден чемпионның роботын құрастырып шығарған. "Қазақстанның боксшылары өте көп. Головкин маған ұнағандықтан және Қазақстанның мақтанышы болған соң роботты жасадым. Геннадий Головкин сияқты өзімнің атымды әлемге танытқым келеді", - деді Әлімхан Болат. Әлімхан Петропавлдағы робот құрастыру үйірмесінің мүшесі. Өзі секілді 100-ге тарта жас өнертапқыш осында келіп, жобаларын шыңдайды. Олардың әрқайсысы болашақта өз идеяларын жүзеге асыру арқылы ел дамуына үлес қосуды армандайды. Фото: news.mail.ruПохожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024