Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Өз бизнесіңді жаса» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Өз бизнесіңді жаса» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Алматы. 29 қазан. 7kun.kz — «Сәби» қайырымдылық қоры жетінші рет өтетін «Өз бизнесіңді жаса» байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

Аталған байқау танымал бизнесмендер және меценаттар - Кеңес Рақышев пен Вячеслав Кимнің қолдауымен өткізіледі.

Өткен алты жылда «Сәби» қоры мен меценаттар жалпы сомасы 1 280 000 доллар құрайтын 49 грант ұсынды. Қордың қолдауымен Қазақстанның түрлі аймақтарында шағын және орта бизнестің түрлі салаларында жобалар жүзеге асырылып жатыр. 100 000 долларға дейінгі мөлшердегі грантты жеңіп алуға 18 жастан 35 жасқа дейінгі қазақстандық кәсіпкерлер қатыса алады, бизнесті дамыту мен кеңейту үшін қаражат талап ететін қолданыстағы жобаларға басымдық беріледі.

Байқауға қатысу үшін өз жобасы туралы минуттық бейнероликті түсіру, оны әлеуметтік желілерде жариялау және www.entrepreuner.saby.kz сайтында конкурсқа қатысуға өтінім беру қажет.

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 15 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады, жеңімпаздарды анықтау және гранттарды тапсыру 2020 жылдың наурыз айында өтеді.

Сондай-ақ, конкурстың жеңімпаздары мен финалистеріне жобаның серіктестері - Ernst & Young және Microsoft компаниялары қосымша қолдау көрсетеді.

Байқауға қатысу шарттарымен толығырақ entrepreneur.saby.kz сайтында танысуға болады.

Похожие материалы