Нью-Йорк. 6 мамыр. 7kun.kz – АҚШ-тың Мэриленд штатында шошқаның жүрегін өзіне трансплантация жасаған ер адамға шошқа вирусы жұқтырып қайтыс болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
The New York Times газетінің мәліметінше, Мэриленд университеті медицина мектебінің ғалымдары осындай қорытынды жасапты. Дэвид Беннет есімді 57 жастағы азамат 2022 жылдың қаңтарында жүрек алмастыру операциясын жасады. Оның жаңа жүрегі екі ай бойы жұмыс істеді, бірақ ғалымдар адамның өліміне шошқа вирусы себеп болуы мүмкін деп санайды. Себебі жануардың дене мүшесін адам ағзасы қабылдамай қою белгісі болмаған дейді мамандар.
Мэриленд университетінің Медицина мектебінде трансплантациялауға маманданған хирург Доктор Бартли Гриффит ерекше операцияны жасардың алдында науқасқа ота соңы өлімге әкелуі мүмкін екенін хабарлаған.
Алайда NYT басылымына сұқбат берген дәрігерлер, трансплантация алдында шошқа жүрегінен ешқандай вирус анықталмаған айтты. Десе де, науқас жаңа жүректегі елеусіз вирусты оятып, белсенділігін арттырған болуы мүмкін екен.
Дэвид Беннетте емделмейтін жүрек сырқаты болған. Ал адамға жануар ағзасын алмастыруға рұқсат жоқ екен. Алайда науқас пен оның туыстары рұқсат берген. Қайтыс болған азаматтың баласы, ерекше тәжірибе жасағаны үшін дәрігерлерге алғыс айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024