Экономика
Замбия президенті халыққа ұлттық валюта курсы қалпына келуін құдайдан тілеңіздер деді
Африкадағы Замбия мемлекетінің Президенті Эдгар Лунгу халыққа алдағы жексенбі өтетін мерекеде, ұлттық валюта курсы қалпына келуін құдайдан тілеуге шақырды. Бұл турады Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Бұл күні елдегі барлық барлар, түнгі клубтар мен ойын-сауық орындары жабық болады. Ұлттық футбол қауымдастығы да барлық матчтарын тоқтатты. Дұға жасау елдегі барлық шіркеулерде өтеді. 15 миллион халықтың 80%-ы христиан екенін айта кету керек. "Долларға қатысты квач валютасының құнсыздануы тауарлар бағасының 30-100%-ға дейін өсуіне әкеліп соқты. Бағаны өзгертуге Үкіметтің жұмысы сәтті болған жоқ, ал отын бағасы қымбаттайтын болса біздің жағдайымызды тек нашарлайтын болады. Бізге Құдайдың араласқаны қажет",- деді "Өмір наны" шіркеуінің епископы Джо Имакандо. Жыл басынан бері АҚШ долларына қатысты кватч валютасының құнсыздануы 45%-ды құрады. Бұл Bloomberg бақылауы бойынша, 155 әлем валюталарының ішіндегі ең рекордты көрсеткіш. Африкадағы ірі мыс экспорттаушы ел Замбия болғандықтан, валютаның әлсіреуі экономикасында проблемалар тудырады. 2015 жылы металдың бағасы 20%-ға төмендеген. Ірі мыс өндірушілер, Glencore Plc-ді қосқанда елдегі кеніштерін жабып, мыңдаған қызметкерлерін қысқартуды қарастыруда. Сыртқы саудадан түсетін табыстың 70%-ы мыс экпортынан келеді. Елдегі экономикалық мәселелер құрғақшылықтың ұлғаюына, оның кесірінен су қоймаларындағы су деңгейінің азаюына кесірін тигізді. Онымен қоса замбиялық ГЭС -тің күрт электр энергия өндірісін қысқартқаны бұрын болып көрмеген 14 сағат бойы электр энергиясының болмауына әкеп соқты. Сонымен қатар құрғақшылықтың кесірінен жүгері дақылдарының өнімі 22%-ға төмендеп, баға қымбаттаған. Бұл жағдайлар Замбия тұрғындарына қиын түсуде.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024