Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанда «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңнаманы бірнеше рет бұзған екінші деңгейдегі банктер үшін айыппұлдар ұлғайтылуы мүмкін.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда пленарлық отырыста тиісті нұсқау берді.
«Банк үшін 15 АЕК дегеніміз не?! 15 АЕК - шамамен 38 мың теңге. Бұл банк үшін сома ма?! Иә, 50 АЕК-те үлкен айыппұл емес, мұнда банк заңнамасын қайта бұзу туралы сөз болып отыр. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес қаржы ұйымдары үшін айыппұлдар 1000 АЕК-ке дейін. Ал екінші деңгейлі банк үшін 15 АЕК дегеніміз не? Ерболат Асқарбекұлы, егер олар банк заңнамасын орындамаса, айыппұлдың барабар мөлшерін енгізіңіз», - деді Нығматулин Ұлттық банк басшысына.
«Жақсы, біз ол олқылықтың орнын жоямыз», - деп жауап берді Дасаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024