Астана. 4 қазан. 7kun.kz – Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркіленіп жатқаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
«Қазіргі таңда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, такси қызметін ұсынатын фактілер анықталған жағдайда, жеке көліктердің конфискацияланып жатқаны туралы ақпарат қайта-қайта тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жатпайды», – делінген хабарламада.
Мұндай шара тек сот шешімімен ғана қабылданады.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарымен соттың шешімі болған жағдайда меншіктен айыру мүмкіндігі көзделген. ҚР Конституциясына сәйкес ешкім өз мүлкінен айырылуы мүмкін емес, тек сот шешімі бойынша. Қазіргі таңда заңсыз такси ретінде жұмыс істегені үшін көлік құралдарының конфискацияланғаны туралы бірде-бір дерек жоқ», – деді ведомствода.
Сондай-ақ комитет такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз айналысқандар үшін 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024